Қазақстандық байкерлер V мерейтойлық фестивальге дайындалуда

АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстандық байкерлер «Балқаш -2011» атты V мерейтойлық фестивальге дайындалуда.
None
None

Биыл бұл шара 15-17 шілде күндері аралығында «Тұлпар» демалыс орнында өтеді. Аталмыш орында шараның алғашқы екі фестивалі өтті. Бұл туралы шараның ұйымдастырушылары - «KZ.BIKE» байк-клубының мүшелері хабарлады.

Олардың айтуынша, биылғы фестивальдің бағдарламасы ерекше болмақ. «Өйткені, шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Шараға отандық және шетелдік қатысушылар көп келеді. Балқаш қаласында байкерлер шеруі өтеді, сонымен қатар, автомотошоу, мотокросс, байкерлер байқауы және тағы да басқа әр түрлі шаралар ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, биыл да дәстүрлі шара - «Балқашты сақтайық!» атты экологиялық акция көлдің жағасында өтетін болады», - деді олар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «KZ.BIKE» ұйымының президенті Дмитрий Петрухин фестиваль өткен соң әлемге саяхат жасамақ. Ол Бразилиядан, Уругвай, Парагвай, Аргентина мен Чилидің оңтүстігін, одан әрі солтүстікке қарай 23 елді басып өтіп, Аляскаға дейін жүріп өтпек. Ол жерден алдымен Қиыр Шығысқа, сосын Ресей жері арқылы Қазақстанға оралмақ. Саяхатшы бұл жолды бір жарым жыл ішінде жүріп өтпекші. Дмитрий Петрухин бұл жолғы саяхатын ұлы Денисті еске алу құрметіне арнап отыр.

Әлемге танымал байкердің алдағы жоспары Африканы бағындыру.

Соңғы жаңалықтар