Қазақстандық бизнес өзара тиімді серіктестік жағдайында кооперацияны кеңейтуге дайын - Елбасы

ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық бизнес өзара тиімді серіктестік жағдайында кооперацияны кеңейтуге дайын. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Ғылым саласындағы ынтымақтастық мүлдем жаңа көкжиек ашады. Ендеше, біздер күш-жігерлерімізді жаңа технологияларды дамытуға біріктіре аламыз. Мәселен, жаңа энергетика бағытындағы түрткі 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрме бола алады. Оның тақырыбы - «Болашақ энергиясы», деді Н.Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, екі ел арасында инновациялық саладағы жемісті ынтымақтастық үшін қолданыстағы механизмдердің жаңа жетілдірілген өзара іс-қимылдары талап етіледі.

«Бұл міндеттің шешімін мен, біріншіден, біздердің серіктестік уағдаластығымыздан көріп отырмын. Біздердің мемлекетаралық шешімдерден кәсіпкерлер өз жұмыстарында шынайы экономикалық жақсару және жеңілдік күтеді», деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, екіншіден, бұл - екі ел кәсіпорындарының іс-қимылдарының үйлесімділігі. Бұл бағытта бүгінгі форумның тақырыбы жүйелі дамудың қуатты ынталандырушысы болуы тиіс. «Қазақстандық бизнес өзара тиімді серіктестік жағдайында кооперацияны кеңейтуге дайын», деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар