Қазақстандық бизнес заманауи инновацияға араласуы тиіс - Н. Назарбаев

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстандық бизнес заманауи инновацияға араласуы тиіс. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда неге бизнес инновацияға қатыспайды? Бүкіл әлемде инновацияға араласып отырған шағын бизнес мол қаражат, пайда табады. Бізде болса, олардың бар-жоғы білінбейді», деді Н. Назарбаев. Сонымен бірге, Елбасы бүгінгі таңда шетелдіктер мойындаған қазақстандық өнертапқыштардың жаңалықтары еш қолдау көрмей отырғанын атап өтті. «Шағын және орта бизнес бұл бағыттағы орнын табуы шарт. Бұл бәрі үшін тиімді емес пе? Біз бүгінгі күні Финляндияның тәжірибесін зерделеп жатырмыз. Ол бойынша мемлекет пен ғылымның достастығынан, әріптестігінен үлкен резервтер алынғаны белгілі», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар