Қазақстандық бөлімшелер Тәжікстан мен Қырғызстандағы ҰҚШҰ жаттығуларына қатысады

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың хабарлауынша, командалық-штабтық жаттығулар Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің «Ляур 201 әскери базасының оқу орталығында «ҰҚШҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің заңсыз қарулы құрылымдарды жою жөніндегі арнайы операцияларын әзірлеу және өткізу» тақырыбына арналады.
Жаттығулар ЖӘЕҰК қолбасшылығынан қалыптасады және оған Армения Республикасының, Беларус Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының ІІМ арнайы күштері, қауіпсіздік органдары және ТЖМ құрылымдары мен әскери контингент тартылады.
Сондай-ақ 19-22 күндері «Центр-2011» стратегиялық жаттығулары ауқымында Қырғызстанда Біріккен оқу орталығында Қырғызстанның Қарулы Күштері ҰҚШҰ Орталықазиялық аймағы Жедел әрекет ету күштерімен бірлесіп тактикалық оқулар өткеді.
Оған Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің Тәжікстанның жедел топтары, Қырғызстан Қарулы күштерінің арнайы топтары мен атқыштар ротасы, сондай-ақ РФ Әскери Күштерінің 999-авациялық базасының авиатобы қатысады.
Бұл жаттығулардың мақсаты - арнай операцияларды даярлауда басқару органдарының жұмысын жетілдіру, сондай-ақ осы аймақта әскери жанжал шыға қалған жағдайда Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің әлеуетін пайдалануда бірыңғай тактикалық әдістерді қолдануға жаттығу болмақ.