Қазақстандық делегация Бакудегі «ТМД мұсылмандары - бейбітшілік пен тұрақты дамудың жақтастары» конференциясына қатысуда

БАКУ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бакуде «ТМД мұсылмандары - бейбітшілік пен тұрақты дамудың жақтастары» тақырыбында ТМД мұсылмандары консультативтік кеңесінің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды.
None
None

Кавказ Мұсылмандары басқармасының (КМБ) төрағасы және ТМД Мұсылмандары консультативтік кеңесінің төрағасы Гаджи Аллахшүкір Пашазаденің жетекшілігімен өтіп жатқан конференцияға Халықаралық Ислам миссиясының президенті Шафиг Пшихачев, Қазақстан, Тәжікстан, Украина, Қырғызстан, Сербия, Молдова, Беларуссия, Балтық жағалауы елдерінің, Шешенстан, Дағыстан, Адыгея, Башқұртстан, Татарстан мұсылмандарының көшбасшылары қатысуда.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин басқарады. Ол іс-шараның ашылуында сөз сөйлеп, ҚР Парламенті Сенатының спикері Қайрат Мәмидің атынан құттықтау сөзін оқыды. Делегация құрамында - Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров, ҚР Дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин және басқалар бар.

Конференция жұмысына, сондай-ақ, Ресей православие шіркеуінің өкілдері, Ресейдің бас раввині, Ватиканның Оңтүстік Кавказ бойынша өкілі, сондай-ақ ӘР үкіметі мүшелері, депутаттар, діни қауым көшбасшылары қатысады.

Соңғы жаңалықтар