Қазақстандық делегация БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының сессиясына қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вена қаласында (Австрия Республикасы) 2017 жылдың 13 наурызында БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 60-шы сессиясының жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстандық делегацияны Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов бастап барды.

Қазақстаннан, ШЫҰ-ға төрағалық етеуші тарап ретінде, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Демеуов есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте, сондай-ақ өткен жылдың сәуір айында Нью-Йоркте қабылданған  БҰҰ Бас ассамблеясының есірткінің әлемдік проблемасы жөніндегі арнайы сессиясының қорытынды құжатын іске асыруда Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар туралы атап өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесіне Қазақстанның қабылдануы Мемлекет басшысының күші мен бастамасын мойындау болып табылатыны және қауіпсіздікті нығайту мәселесін осы жоғары деңгейде одан әрі де жалғастыруға мүдделі екені атап көрсетілді. 

Бұған қоса, БҰҰ Есірткі құралдары бойынша комиссиясының 2017 жылғы 13 наурыздағы «БҰҰ және ШЫҰ есірткіге қарсы күрес: жалпы қауіп-қатер, бірлескен әрекеттер» атты бірлескен іс-шаралары жоғары деңгейде өтті.

Осы шарада ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің есірткіге қарсы құрылымдардың басшылары, ШЫҰ Бас хатшысы Р. Алимов, БҰҰ жанындағы нашақорлық және қылмыспен күрес басқармасының атқарушы директоры Ю. Федотов, сондай-ақ ШЫҰ терроризмге қарсы құрылымдарының өңірлік атқару комитетінің директоры Е. Сысоев, халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшелері қатысты.

Аталған іс-шара БҰҰ­­ - ШЫҰ арасындағы күн тәртібіндегі маңызды оқиға болды, ШЫҰ-ның есірткі қаупіне қарсы күреске бағытталған мақсатты қызметіне жұртшылықтың  назарын аударды.

 

 

Соңғы жаңалықтар