Қазақстандық делегация Германияда еліміздің қылмыспен байланысты заңнамаларын ізгілендіру бойынша шетелдік әріптестерімен ой бөлісті

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат -«Ағымды жылдың 18-24 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың басшылығындағы қазақстандық делегацияның Германия Федеративтік Республикасына
None
None

жұмыс сапары өтті»,- деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Аталмыш делегация құрамында Қазақстан тарапынан Бас прокуратура, Конститутциялық кеңес, Жоғарғы сот, Премьер-Министр кеңсесі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі өкілдері болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясы Тұжырымдамасының ережелерін сапалы пысықтау, олардың қылмыстық құқықтық саладағы дүниежүзілік жалпыға ортақ стандарттарға сәйкестендіру Қазақстан заңгерлерінің Германияға сапарының басты мақсаты болды. 

Сапар барысында ГФР Федералдық әділет министрлігінің басшылығымен және қылмыстық құқық саласындағы беделді еуропалық сарапшылармен кездесулер өтіп, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және қылмыстан арылту мәселелері, Қазақстанның қылмыстық заңнамасындағы құқыққа қарсы әрекеттерді қылмыс және қылмыстық теріс қылықтар ретінде ара жігін ажырату перспективалары сөз болды. Сонымен қатар, кездесуде белгілі бір қылмыстың түрлеріне жауапкершілікті күшейту, экономикалық, компьютерлік, сыбайлас жемқорлық және экологиялық, оның ішінде террористік және экстремистік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың сипаттамаларын айқындайтын мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар