Қазақстандық делегация Ислам конференциясы ұйымының өкілдерін еліміздің ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы тәжірибесімен таныстырмақ - апталық брифинг

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенат төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев басшылық ететін, құрамында мемлекеттік органдар мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және мәдениет пен өнер қайраткерлері бар қазақстандық делегация  Жидда  қаласында жүр. Делегация өкілдері онда Бүкіләлемдік Ислам лигасы мен Ислам конференциясы ұйымы басшыларымен кездеседі.
None
None

Бұл туралы бүгін  журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық делегация онда қарашаның 4-іне дейін болады. Сапар барысында олар Қазақстанның 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуінің перспективалары жөнінде пікір алмасып, еліміздің ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы тәжірибесімен бөлісіп қайтпақ.

Соңғы жаңалықтар