Қазақстандық делегация МАГАТЭ халықаралық конференциясына қатысуда
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Конференцияның мақсаты - ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының қазіргі жағдайына баға беру және келешекке ұсыныстар жасау.
МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано конференцияны аша отырып: «ядролық лаңкестік қаупі бар, сондықтан ядролық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін нығайту керек», - деп мәлімдеді.
Конференцияға Қазақстан Республикасының делегациясы қатысуда. ҚР СІМ өкілі, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов сөйлеген сөзінде ядролық қауіпсіздікке қол жеткізудегі маңызды шарттарды атап айтты. Олар: жаппай ядролық қарусыздандыру, қаруды таратпаудың халықаралық тәртібін нығайту, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық базаны нығайту және оны жүзеге асыру.
Конференция 5 шілдеге дейін жалғасады.