Қазақстандық делегация Нижний Тагильдегі VIII халықаралық қару-жарақ пен әскери техника және оқ-дәрілер көрмесіне қатысты

«Нижний Тагил-2011. Ресей қару-жарақ көрмесі» атты VIII халықаралық қару-жарақ пен әскери техника және оқ-дәрілер көрмесіне қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мұнда қаhарлы техниканы көрсетіп қана қоймай, оны ұрыс кезінде пайдаланудың мүмкіндіктерін кедергілермен жүргізу арқылы келушілер назарына ұсынды.
Арнайы тактикалық алаңда жауынгерлік, инженерлік-саперлік және автокөлік техникаларының мүмкіндіктері жаттығуларды жүзеге асыру барысында көпшіліктің көз алдында пысықталды.
Көрмеде Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Владимир Путин мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары, генерал-майор Талғат Жанжүменовтің кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Ресей үкіметінің басшысына екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешекте даму барысы туралы хабарлады.
Ресей Федерациясының Премьер-Министрі екіжақты байланыстың болашақта дамуына қызығушылық танытты.
Көрме жұмысының қорытындысы бойынша ресей жағымен бірлесіп танк жасау, автоқұрылыс, әуе шабуылына қарсы жүйелерге қызмет көрсету сияқты келісімдерге қол жеткізілді.