Қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ ПА сессиясы аясында қарар жобаларына бірқатар түзетулер енгізді
Сенаторлар Икрам Адырбеков, Рашит Ахметов, Әділ Ахметов, Мәжіліс депутаттары Мәулен Әшімбаев, Қуаныш Сұлтанов және Светлана Бычкова Парламенттік Ассамблеяның жыл сайынғы сессиясындағы барлық жалпы отырыстарға, қосарлы тақырыптағы шараларға және Жалпы үш комитетінің отырыстарына қатысты.
Отырыс барысында Жалпы комитеттердегі баяндамалар бойынша қазақстандық депутаттар сөз сөйледі. Депутаттар қарар жобаларына тиісінше бірқатар түзетулер енгізді. Қорытындылар бойынша қазақстандық делегацияның бірінші комитеттің қарарына төрт, екінші комитеттің қарарына екі және үшінші комитеттің қарарына бір түзетуі қабылданды.
2-3 шілдеде И.Адырбеков және Ә.Ахметов Жалпы комитеттердің қорытынды отырыстары мен Ассамблея отырысына қатысты. Онда Бюро мүшелері сайланды және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 2013 жылғы қорытындысы болатын Стамбул декларациясы қабылданды.