Қазақстандық экспорттаушылар ILAC-MRA белгісін қолдану құқығына ие болды
«Бұл отандық экспорттаушылардың шет елдік нарыққа шығуын оңтайландыру бойынша қол жеткізген тағы бір жетістік. ILAC-MRA-NCA белгісі Ұлттық аккредитациялық орталықта тіркелген зертханалардың тексеру қорытындыларынан өткен протоколдарға беріледі. Бұл протоколдар ILAC (MRA)-ны өзара тану бойынша келісімге қол қойған елдер арасында жарамды. Бұл отандық экспорттаушыларға шет елге тауар шығару кезінде тауардың сәйкестігін тексеру бойынша қосымша үрдістерден өтуді жеңілдетеді»,- деді Н.Әбдібеков.
Оның айтуынша, мемлекеттер арасындағы сауданы оңтайландыру жүйесі егер мемлекеттердің аккредитациялық органдары мен басқа салалық органдары әлемдік деңгейде мақұлданған ортақ талаптар бойынша жұмыс істеген жағдайда ғана табысты болады.
ҚР ИЖТ Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілі Ғалия-Бану Мейірбаеваның айтуынша, кәсіпкер өз мемлекетінде -Қазақстан, Ресей немесе Беларуссияда ортақ үлгідегі сертификат немесе декларация алу арқылы Кеден одағының нарығына қосымша рәсімсіз кіруге құқық ала алады. «Қосымша, бір-бірін қайталаушы құжаттар болмайды. Бұл уақытты үнемдеуге, сондай-ақ Кеден одағы аясындағы бизнеске қысымды азайтады, тауар бағасының өзіндік құнының төмендеуіне әкеп соғады»,- деді Ғ.Мейірбаева.