20:30, 13 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстандық инноваторлар «Сколковоның» резиденттері бола алады - С.Ахметов
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - «Россия-24» ақпараттық телеарнасына сұхбатында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов экономиканың әртүрлі салаларында екі елдің инновациялық әлеуетін бірлесе пайдалану жоспарларымен бөлісті.
Бұдан басқа, Серік Ахметов өзінің «Сколково» ғылым қалашығында болғаны және бірлескен ынтымақтастықтың перспективалары туралы әңгімеледі. «Қазақстандық компаниялар ықпалдастық өзара іс-қимылы ауқымында «Сколковоның» резиденттері бола алады, ал ресейліктер Қазақстандағы жобаларға қатыса алады», - деді Премьер-Министр.
Еске сала кетейік, 12 қарашада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Ресей Федерациясында болды.