Қазақстандық кадеттер мен американдық сержанттар полигонда бас қосты

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына тәжірибе алмасу мақсатында американдық сержанттар делегациясы келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жас кадеттерді оқыту әдістемесімен танысу үшін, АҚШ армиясының кәсіпқой сержанттары қазақстандық әріптестерімен бірге Кадет корпусының полигонына аттанды, онда бітіруші курстың курсанттары дала жағдайында жаттығуда. Американдық әскери қызметкерлердің делегациясы Кадет корпусында аптаның соңына дейін болады, осы аралықта олар кадеттерді оқытушы сержанттардың жұмыстарымен танысады, сабақтарға қатысады.
Соңғы жаңалықтар