Қазақстандық кәсібилер республиканың үлкен құрылыстарында сұранысқа ие болуы керек - «Нұр Отанның» астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Рахымжанов
«Мұндай конкурстарды өткізіп тұру өте маңызды. Соңғы уақытта елімізде шетелдік жұмыс күші көп деген сын жиі айтылуда. Бірақ та, бізде шын мәнінде сауатты инженерлер, құрылысшылар жетіспейді. Себебі, КСРО тарағаннан кейін кәсіптік білім беру жүйесі іс жүзінде тоқырап қалды», деп атап көрсетті шараға қатысқан «Нұр Отанның» астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әміржан Рахымжанов.
Ол сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмасы бойынша елімізде кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып жатқанын жиналған қауымның есіне салды.
«Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясы «Біз Қазақстанды бірге құрамыз!» конкурсын ұйымдастырды. Бұл байқау еліміздегі кәсіптік-техникалық білім жүйесін дамытуға қосымша серпін беретін болады. Президентіміз кәсіби мамандық иелері Қазақстанда жұмыс табулары және олар үлкен құрылыстарда сұранысқа ие болулары үшін, кәсіптік оқу орындары мен жұмыс берушілердің арасындағы жұмыстарды үйлестіруге жаңаша серпін беруге шақырды», деп атап көрсетті Ә.Рахымжанов өз сөзінде.