Қазақстандық көліктер Өзбекстанда арзанға сатылады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан 2017 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда жасалған және біздің елден енгізілетін жаңа көліктердің акциздік салығын төмендетті, деп хабарлайды uzdaily.uz.
None
None

Өзбекстан президенті 29 қыркүйек күні «Өзбекстан Республикасының алдағы уақыттағы сыртқы экономикалық қызметін реттеу туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жасалған және біздің елден енгізілетін жаңа көліктердің акциздік салығы (медициналық мақсаттағы көліктерден басқа) 1 қазаннан бастап 2 пайызға төмендетілетін болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум