Қазақстандық компаниялар Ташкенттегі мұнай-газ көрмесіне қатысуда

ТАШКЕНТ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ташкенттегі «Өзбекэкспорторталықта» XIV «Өзбекстан мұнай-газы - OGU 2010» халықаралық көрмесі мен конференциясының ашылу рәсімі болды.
None
None

Көрме жұмысына әлемнің 28 елінен, атап айтқанда Әзірбайжан, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай және т.б. елден 190-нан астам компания қатысып жатыр. Қазақстанның атынан көрмеге «TekKnow» компаниясы мен «Вика Қазақстан» ЖШС қатысуда. «Вика Қазақстан» компаниясы бөлім жетекшісінің орынбасары Сергей Першовтың атап көрсетуінше, бұл шараның барысында олар серіктестер іздестірмек.

Сондай-ақ, мамырдың 12-13-інде «Өзбекстан экономикасының мұнай-газ секторындағы инвестициялар және инновациялар» тақырыбында конференция өтеді. Ол жиында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері баядама жасайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар