Қазақстандық компанияларға халықаралық сапа жүйесінің енгізілуі Кеден одағы елдеріне өздерін мойындату үшін маңызды болмақ - Тараздағы семинар

Кәсіпорындардың «Алтын сапа» ұлттық байқауына қатысуына арналған Тараздағы аймақтық семинар барысында осындай пікірлер айтылды.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытбек Иманәлиевтің айтуынша, бұл құрылған Кеден одағы аясында жұмыс істеулері керек болатын шағын және орта бизнес өкілдері үшін өзекті мәселе.
«Отандық бизнестің танымал брендқа ие қарқынды компаниялардың өнімдерімен бір дәрежеде бәсекелес болуына тура келеді. Ал бір жағынан бизнес үшін ортақ үш триллиондай ЖІӨ бар 170 миллион адамнан тұратын жаңа нарық ашылды. Бұл таптырмас экспорттық мүмкіндік болады. Және де бұл жерде қазақстандық компанияларға халықаралық сапа жүйесін енгізу маңызды болмақ, сол арқылы олар Кеден одағына мүше елдерде өздерін мойындата алады», - деп атап өтті ҚР техникалық қадағалау және метрология комитеті төрағасының орынбасары Талғат Момышев.
Жамбыл облысында қазіргі таңда 188 кәсіпорын әртүрлі сапа стандарттарынан өткен.