Қазақстандық кондитерлік фабрикалардың өз мүмкіндіктерін пайдалануы 45-50 пайыз ғана - Қазақстан кондитерлер қауымдастығының төрайымы

Ы. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгінгі күні Қазақстандағы арзан кондитерлік өнімдердің кей түрлерінің импорты 40-60 пайызға жетіп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Соңғы уақыттарда кондитерлік шикізаттар: какао бұршағы мен қанттың әлемдік бағасы 2,5 есе артты. Сонымен бірге, коммуналдық қызметтер, қуат көздеріне және жолға кететін шығындар да едәуір өскен.

Қазақстанның кондитерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің саудасын жайлап алған украиндық, ресейлік арзан кондитер өнімдері отандық өнімдер көлемінің артуына кедергі келтіруде.

«Сырттан келетін кондитерлік өнімдер салдарынан біздің фабрикалар өз мүмкіндігінің 45-50 пайызын ғана игеріп отыр. Соңғы 10 жыл қатарынан қазақстандық кондитерлер ашық жаулап алу жағдайында нарықтағы өз үлестерін сақтап қалуы қиынға соғып тұр. Бүгінде өндіріс көлемін, жұмыс орнын және тұрақты бағаны сақтап қалу үшін құрал-жабдықтар мен технологияларды жаңартудан еріксіз бас тартып отырмыз», дейді Қазақстанның кондитерлер қауымдастығының төрайымы Лариса Константиниди. Оның айтуынша, еліміздің кондитер өндірісінің дамуына қолайлы жағдай жасау экономиканың өсуіне айтарлықтай ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар