Қазақстандық локомотивтерге Молдова мен Украина қызығушылық танытты
Компанияда атап көрсеткендей, бүгінгі күні жүк тепловоздарына ішкі нарық мұқтаждығы толық қанағаттандырылған. Негізгі тапсырыс беруші «Локомотив» АҚ. 2010 жылы кәсіпорынға 275 жүк тепловоздары өткізілді. 2019 жылдың соңына дейін «Локомотив» зауытымен 110 жолаушылар тепловоздарын өткізуге келісім-шартқа қол қойылды (2014 жылы 2 бірлік техника өткізілді).
«Оның қызметі басталғалы Қырғызстан, Украина, Тәжікстан және Түркіменстан сияқты елдерге 12 тепловоз экспортталды. Ағымдағы жылы Әзербайжанға қаржылық лизингі схемасымен 10 тепловоз өткізуге келісім-шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде локомотив сатып алуға Молдова, Украина, Тәжікстан және қазақстандық «Теңізшевройл» ЖШС қызығушылық білдіруде», - деп әңгімеледі ҚазАқпарат тілшісіне ҚТЖ-дан.
Сонымен бірге тепловоздарды Ресейге өткізу жағдайды едәуір жақсартар елді, деп санайды ұлттық компанияда. «Алайда әлемдегі ағымдағы жағдай және РТЖ тарапынан қауіпсіздікке сәйкестік сертификаты нормаларына қосымша талаптар енгізу ТЭЗЗА тепловоздарын Ресейге экспорттауға кедергі келтіруде», - делінген хабарламада.