Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Францияда жасөспірімдер арасында өткен «Rooster Cup» халықаралық жарысында бірінші орын алды

ИЖ-БРЮССЕЛЬ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстандық жас мәнерлеп сырғанаушы - 12 жасар Тимур Тұрсынбаев 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Париждің іргесіндегі Курбевуа қаласында өткен халықаралық жарыста бірінші орын алды.
None
None

Жасөспірімдер арасында осымен үшінші рет өтіп отырған «Rooster Cup» халықаралық жарысына Еуропа, Азия және Африканың 22 елінің өкілдері қатысты.

Т.Тұрсынбаев Мәнерлеп сырғанаудан дүниежүзілік федерациясының қазылар алқасын жас та болса кәсіби шеберлігімен таң қалдырды. Тимур «Novice-A Boys» санатында бірінші орын алды. Екінші және үшінші орынды Германия мен Франция спортшылары бөлісті.

Тимурдың 10 жасар қарындасы Лиза да бұл халықаралық жарысқа қатысты. «Advanced Novice Girls» санатында өнер көрсеткен Лиза ең жасы кіші спортшы болды. Ағасының ізін басып 4 жасынан мәнерлеп сырғанаумен айналысқан Лиза төртінші орынды қанағат тұтты. Бұл санатта жеңіс тұғырына Жапония, Ресей және Франция елдерінің 15-16 жастағы тәжірибелі спортшылары көтерілді.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Франция Парламенті ұлттық ассамблеясының депутаты, Курбевуа қаласының мэрі Жак Коссовски, «спорт халықтарды жақындастырады және кейде саясаткерлерге араларындағы дау-жанжалдарды, келіспеушіліктерді ұмытуға көмектеседі. Бүгін Курбевуада «шағын БҰҰ» бас қосып отыр, әр елдің жас «елшілері» өнер көрсетуде. Біз бірінші рет қатысып отырған қазақстандық жас спортшыларға қол келіпсіздер дейміз. Біз «Астана» велокомандасын жақсы білеміз және Қазақстан басшылығының спортты дамыту жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз. Жас республиканың өкілдері өз елінің даңқын асырып, Олимп шыңдарын бағындыра береді деп үміттенеміз»,- деді.

Соңғы жаңалықтар