Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы Исламдық банкинг институтымен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өткен ІІ Астаналық Экономикалық форум барысында «Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ басшысы Болат Смағұлов Исламдық банкинг пен қаржыландыру институтының директоры Ахмед Камел Майдин Меермен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүздесу барысында мәртебелі мейман ІІ Астаналық Экономикалық форум жұмысының қазіргі экономиканың өзекті мәселелерін талқылауда жемісті диалогтық алаңға айналғанын атап өтті. Сонымен бірге, кездесуде мемлекеттік және жеке сектор әріптестігі желісі бойынша исламдық қаржыландыру шарасының ерекшеліктері жайында сөз болды. «Бүгінгі әлем елдері дағдарысқа қамалған кезеңде Ислам банкінің несиелік ресурстары аса қажетті құралға айналып отыр. Жалпы алғанда исламдық қаржыландыру - өте тұрақты жүйе болып табылады. Сондықтан да дағдарыс жағдайына қарамастан, бұл бағытта сұраныстар артып отыр», деді Ахмед Камел Майдин Меер. Сондай-ақ, ол қазақстандықтар тарапынан исламдық қаржыландыру жүйесіне қатысты семинар ұйымдастырылса қолдау білдіретіндігін атап өтті. Б. Смағұлов өз кезегінде Қазақстандағы исламдық қаржыландыру жүйесінің даму жағдайымен таныстыра отырып, алдағы уақытта Исламдық қаржыландыру институтымен тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылығын танытты. Сондай-ақ, форум барысында Б. Смағұлов РФ Сыртқы экономбанк басшысы, Мемлекеттік-жеке әріптестік орталық директоры Александр Баженовпен де жүздесті. Онда тараптар тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін қозғады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум