«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» мен «Атамекен одағы» өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

қпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы мен Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы арасында арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Болат Смағұловтың айтуынша, аталмыш құжат Мемлекет басшысының биылғы жылғы Жолдауында атап көрсеткен мемлекеттік құрылымдар мен жекеменшік кәсіпорындары арасындағы әріптестікті нығайтуға қатысты міндеттерді орындау мақсатында қолға алынып отыр. «Бүгінгі қол қойылған құжат жүйелі әрі тұрақты түрде ортақ мәліметтер базасын қамтамасыз етіп, тиісті ақпараттар алмасып отыруға үлкен мүмкіндік жасайды. Өйткені қазір мемлекет пен бизнес арасында тек тұрақты түрде өзара ынтымақтастықта қызмет етуді қажет ететін мәселелер жетерлік. Сондықтан бүгінгі меморандум осы аталған бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға ұйытқы болады деген үміттеміз», деді Басқарма төрағасы.

Оның пайымдауынша, болашақта аталмыш құжатқа қатысты тиісті іс-шаралар жоспары бекітілетін болады. «Біз осы құжат арқылы Елбасының мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестікті дамыту және оған қатысты тиісті құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ бизнесті мемлекеттің бір құрамдас бөлігіне айналдыру, бизнеске мүмкіндігінше мемлекет тарапынан көбірек қолдау көрсету сияқты міндеттерді толығымен орындаймыз деген ойдамын», деді Б.Смағұлов.

Соңғы жаңалықтар