Қазақстандық олимпиадашылар нағыз кәсіпқойлық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті - Д. Мыңбай

Ал біздің олимпиадашылар нағыз кәсіпқойлық пен еңбекқорлықтың зор үлгісін паш етті. Бүгін Астанада Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттың негізгі бағыттарын айқындау жөнінде өткен кеңесте Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.
«Елбасы айтып көрсеткеніндей, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені, халықтың әл ауқатының жақсаруы ең әуелі саналы ұрпақ тәрбиелеудің кепілі болатыны белгілі. Бұл үшін қоғамды негізгі бас идіретін мәселе - әділеттілік қағидаттарын алға шығару деп білеміз. Еңбек сіңіруден бастап марапат беруге дейін мемлекет қана емес, қоғамның да көзқарсы әділ болғаны дұрыс», - деді Дархан Мыңбай.
Сонымен қатар, министр Елбасы мақаласын кеңінен насихаттау арқылы қоғамда адал еңбектің қадір-қасиетін арттыруға, жастарды масылдық психологиядан арылтуға болатынын жеткізді. «Мемлекет басшысының мақаласында сонау 90-ы жылдары «ауырдың үстімен жеңілдің астымен» жүріп, оңай ақшаны ауадан жасау мәселесі туралы айтылды. Өкінішке қарай, бұл қасаң қағида жұрттың санасынан әлі де толық өше қойған жоқ. Кейбір азаматтар жайлы қызмет пен жақсы жалақы тек тамыр-таныстықпен ғана қол жеткізуге болады деп есептейді. Жоқ олай емес! Уақыт бізден кәсіби маманды адам бойындағы басқа қасиеттер арқылы, яғни оның ішінде еңбекқорлық пен кәсіпқойлық арқылы таңдауды талап етуде», - деді Д. Мыңбай.
Сонымен қатар, министр дәл осы мәселеге мысал ретінде, яғни кәсіпқойлықтың нағыз үлгісін көрсетуде соңғы күндері барша қазақстандықтарды керемет қуанышқа бөлеп жүрген еліміздің олимпиадашыларын алға тарты. «Біздің спортшылар талаптанды, еңбек етті, тер төкті. Нәтижесінде олимп шыңын бағындырды. Олардың әділ жеңісі бүкіл қазақстандықтарды біріктірді, тұтас ел болып қуанып жатырмыз», - деген ведомство басшысы бұған қоса алдағы қыркүйекте қазақ күресінен екінші рет республикалық дода өтетінін де еске салды. «Бұнда да тамыр-таныстық емес, халықтың ашық таңдауы арқылы жеңімпаз анықталатын болады. Әрине, бұл жерде ешкім ешқандай да телефон соғу арқылы жүлделі болу мәселесін шеше алмайды. Кім талантты, кім еңбекқор сол жеңіске жететініне кәміл сенеміз», - деді ол.