Қазақстандық олимпиадашыларға ақшалай жүлделер табыс етілді -Ванкувер

СТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Олимпиадалық Уистлер деревнясында Қазақстанның Спорт жөніндегі комитетінің төрағасы, Ванкувердегі қазақстандық миссияның басшылығы Анатолий Құлназаров биатлоншы Елена Хрусталеваны, сондай-ақ командалық жарыста бесінші орын алған біздің шаңғышыларымызды құттықтады,
None
None

деп хабарлады sport.kz.

Күміс медаль иегері Елена Хрусталеваға -5 мың доллар, ал оның тәлімгері Виктор Смирновқа - 3 мың доллар табыс етілді. Ал Николай Чеботько 1 мың доллар сыйлық алса, екі рет бесінші орынға табан тіреген Алексей Полторанин - 2 мың доллар сыйлық алды.

Естеріңізге сала кетейік, құрамына Н.Чеботько мен А.Полторанин кірген Қазақстан құрамасы дүйсенбі күні шаңғышылардың командалық жарысында финалға шыға алды. Қазақстандықтар бесінші нәтиже көрсетті, бұл үздік көрсеткіштердің бірі. Ал А.Полторанин ақпанның 17-сінде спринттік шаңғы жарысында мәре сызығын бесінші болып кесті.

Қазақстан командасының қоржынындағы жалғыз медальды - күміс жүлдені - биатлоншы Елена Хрусталева 15 шақырымдық жеке жарыста жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар