Қазақстандық Омбудсмен «Әйелдердің құқығын қамтамасыз ету: заң және тәжірибе» атты халықаралық конференцияға қатысты

Шараны Финляндия Республикасының сыртқы істер министрлігі, «Еуразия» қоры және БҰҰ-ның «Әйелдер» ұйымы «Заң алдындағы теңдік: Орталық Азиядағы сот әділдігіне қолжетімділік» аймақтық жобасы ауқымында ұйымдастырды.
Конференцияға Финляндияның халықаралық ынтымақтастық министрі Х.Хаутала, осы елдің Жоғарғы әкімшілік сотының бұрынғы төрағасы П.Халлберг, омбудсмендер, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, осы саладағы сарапшылар қатысты.
Қазақстандық Омбудсмен өз сөзінде шараға қатысушыларды «Қазақстан-2050» Тұжырымдамасын жүзеге асыру тұрғысындағы мемлекеттің және ұлттық құқық қорғау мекемесінің әйелдер құқығын қорғау және дамыту саласындағы қызметімен таныстырды.
Конференция форматы әйелдердің сот әділдігіне қол жеткізудегі жағдайын жақсарту, халықтың әлжуаз жіктеріндегі әйелдерге заңдық көмек беру, үй ішіндегі зорлық-зомбылықпен күрес, сондай-ақ осы қызметтегі азаматтық қоғамның рөлі сияқты мәселелер бойынша егжей-тегжейлі тәжірибе алмасуға және пікірлесуге мүмкіндік берді.
Конференция қорытындысымен қатысушы-елдердің тиісті мемлекетті органдарына жолданатын ұсынбалар қабылданды.