Қазақстандық омбудсмен кеңсесінің басшысы Поляк адвокаттар одағы өкілдерімен кездесті
Бұл туралы қазақстандық омбудсменнің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі елдің ұлттық құқық қорғау тетіктерін дамыту, соның ішінде халықтың әлжуаз топтары үшін сот әділдігіне қолжетімділік туралы заңнамаларды жетілдіру және мемлекет кепілдендірген заң қызметі туралы пікір алысылды.
Омбудсмен кеңсесінің басшысы поляк тарапы өкілдерін қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, азаматтардың өтініштерін қарау, мониторинг қызметі, заңнамаларды жетілдіру, ағартушылық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық құқық қорғау қоғамдастығымен өзара іс-қимыл мәселелері жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.
Өз кезегінде, поляк тарапы поляк омбудсменінің қызметі, атап айтқанда, оның адвокатурамен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы форматы туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу қорытындысымен оның жоғары нәтижелі болғаны атап өтілді және одан әрі өзара іс-қимылды дамытуға сенім білдірілді.