Қазақстандық өнерпаздар «Fiestalonia Milenio-2013» фольклорлық байқау-фестивалінде қобыз бен саз сырнайда итальян шығармасын ойнап тыңдарманын тәнті етті

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Италияның Римини қаласында 27 сәуір мен 5 мамыр аралығында өткен халықаралық «Fiestalonia Milenio-2013» фольклорлық байқау-фестивалінен қазақстандықтар олжалы қайтты.
None
None

23 елден 150-ге жуық өнерпаз қатысқан бұл додада ел намысын Алматы қаласының өнер ұжымдары қорғаған болатын. Құрамында өнер әлемінде 4 жасынан бастап танылған Лондон корольдік өнер академиясының түлегі Мануэлла Лунетта, Халықаралық Fiestalonia Milenio продюссерлік орталығының Президенті Давид Джапаридзе сияқты білікті мамандары бар қазылар алқасы қазақстандықтардың өнеріне жоғары баға берді. Атап айтқанда, Ақмарал Ақбаева мен Жұлдыз Матбуса жетекшілік ететін «Өзін-өзі тану» гимназиясының «Балдаурен» фольклорлық ансамблі 3-ші орын алды. «Жауқазын» қобызшылар дуэті, қобызшылар Еңлік Төленова мен Толғанай Мұхаметқали дипломант атанды. Домбырашы Ким Николь арнайы дипломмен марапатталды. Сонымен қатар жеке орындаушылар сайысында домбырашы Жұлдыз Матбуса мен қобызшы Ақмарал Ақбаева 2-ші, күйсандық аспабы мен вокал аталымы бойынша өз туындыларын орындаған Әлия Өмірзақова 3-ші жүлдеге ие болды. Ал қобыз бен саз сырнайда итальян шығармасын ойнап, көрермен қошеметіне бөленіп, 3-ші орын алған «Көркем» дуэті (Ақмарал Ақбаева, Нұрзада Көркембаева) байқаудың гала концертінде өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар