13:48, 06 Шілде 2013 | GMT +5
«Қазақстандық өнімді сатып алып, жеңілдікке ие бол!» - Астана күніне арналған павлодарлықтардың акциясы
ПАВЛОДАР. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодардың сауда кәсіпорындары Астана күні құрметіне арналған «Қазақстандық өнімді сатып алып, жеңілдікке ие бол!» акциясын өткізуде, деп хабарлады Ішкі саясат басқармасынан.
Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын «Мирас», «Рубиком», «Атриум» сауда орталықтары, «Даниял», «Мясной двор», «Пахомовский» дүкендері жеңілдікпен ұсынуда.
Бүгін Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен азық-түлікті базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатып алуға болады.