Қазақстандық серіктестік Ташкенттегі көрмеге өнімдерін қойды

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ташкенттің «Өзэкспоорталық» көрме кешенінде «IndustrialExpoUzbekistan» VI халықаралық өнеркәсіп аптасы жұмысын бастады.
None
None

Оның жұмысына Үндістан, Қазақстан, Ресей, Словения, Түркия, Украина, Өзбекстан сияқты және басқа да елдерден машина жасау, зертханалық жабдықтар, энергетика және химия саласындағы мамандандырылған компаниялар қатысуда.

Қазақстаннан «Топан» ЖШС қатысып отыр. Серіктестік күрделі зертханалық жабдықтар өндірумен айналысады. Кәсіпорынның жобалар бөлімінің маркетинг маманы Мерей Жұмағалиевтің айтуынша, компания Өзбекстандағы көрмеге алғаш рет қатысып отыр.

Компания Қазақстанда он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеуде және ТШО, Аджип, КПО, Интергаз Орталық Азия сияқты көптеген ірі өндірістермен әріптес болып келеді.

Өнеркәсіптік апталық сәуірдің 10-ына дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар