Қазақстандық синхроншылар Лондондағы жарыстарын 15-ші орынмен аяқтады

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық синхроншылар Әйгерім Жексембинова мен Анна Кулькина Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін бағдарлама бойынша 15-ші орынға тұрақтады.
None
None

Олар жарысты 84,980 ұпаймен аяқтады. Екі сынның қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 169,580 ұпай жинады.

Айта кетейік, отандық спортшы қыздар осы көктемде Лондонда өткен біліктілік турнирінде техникалық және ерікті бағдарламалардың қорытындысы бойынша 14-ші орынға ие болды. Анна мен Әйгерімнің аталған жетістіктері оларға әлемнің үздік 24 жұбымен бірге Лондон Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік берген еді.

Соңғы жаңалықтар