Қазақстандық спортшылар Лондонда Олимпиаданың ашылу салтанатында делегациялар шеруінде жүріп өтті

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық құрамасы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатында делегациялар шеруінде 94-інші болып жүріп өтті.
None
None

Ұлыбритания астанасына спорттың 25 түрінен ел намысын қорғау үшін 116 спортшымыз барды. Қазақстан лицензиялардың саны бойынша  - 23, қатысушылардың саны бойынша 18-19 орынға орналасты.

Қазақстанның Мемлекеттік Туын грек-рим күресінен Азия чемпионы, Азияда жеңімпазы, әлем чемпионатының жүлдегері Нұрмұхан Тінәлиев алып жүрді.

Салтанатты шараға 250-ге жуық қазақстандық жанкүйер қатысты. Олардың арасында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бар.

 

Соңғы жаңалықтар