Қазақстандық стилистердің Жаңа жыл кешіне арналған кеңестері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа 2018 жылы қандай киімдер сәнді болады? «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі белгілі отандық дизайнерлермен және стилистермен әңгіме өрбітіп, киім киген кезде неге мән беру керектігін біліп көрді.
None
None

Қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова жаңа жыл мерекесінде әйелдерге жеке сәндік ұмытпауға кеңес берді.

«Қазір мода шыңында барқыт тұр. Жаңа жыл кешінде осы матадан тігілген кез келген көйлекті немесе костюмді кие беруге болады. Ал егер аталған киімдермен бірге алтын түстес туфли киер болсаңыз, бұл тіптен көрікті көрінер еді. Барқытпен бірге пайеткалы, құс жүнді, шашақ киімдер де керемет трендте. Пайеткалар күнделікті киімде де көп кездеседі. Мәселен, көптеген жемпірлер немесе классикалық белдемшелер әр түрлі түс пен гаммадағы пайеткалармен үйлеседі. Кез келген күлгін немесе қара түсті киімдерді көкшіл немесе қызыл түспен киюге әбден болады. 2018 жылы кез келген түрдегі немесе нұсқадағы тор пішіндес киімдер трендте болады», - дейді дизайнер Құралай Нұрқаділова.

Ал қара түсті киімдердің үйлесімін жазбай танитын дизайнер Наиль Байкүшіков мереке кезінде ашық әрі мейрамға сай киім киюге кеңес береді. Сонымен бірге, ол ең алдымен өз стиліңе ден қойып, соған басымдық беруді жөн деп біледі.

«Мерекелерде көтеріңкі көңіл-күйді көйлектердегі пайеткелер сыйлай алады. Сонымен бірге, осы маусымда түйеқұс қанат пішінді киімдер өте маңызды болмақ. Бір киім кию үлгісіне қанаттарды да, пайеткаларды да сәйкестендіруге ешқандай кедергі жоқ - бұл өте керемет көрінеді. Ашық түстер әлбетте трендтен қалмақ емес. Жамылғымен бірге корсажды көйлектер де әйелдің өңін аша түседі. Одан кейін тіпті жамылғыны джинса және ішкөйлекпен бірге casual стилінде кию де сұлу көрінеді. Бірақ, мен трендтен гөрі әйелдердің өз стиліне сай киінгенін жөн деп білер едім», - дейді Наиль.

Оның айтуынша, Қазақстанда келбетті әйелдер көп. Сондай-ақ, олар жаңа жылда өте тартымды киінуі тиіс.

«Мен біздің әйелдерге ең алдымен өзін-өзі сүю керек деп тілек айтар едім. Қазіргі уақытта қымбат салондардан киім сатып алуға мүмкіндік болмаса да, ең бастысы - мақсатты дұрыс қоя білген жөн. Өмірге өкпе-назыңды айта беруге болады. Ал қашан да бәрін де өз қолыңа алып, күні ертең кез келген көйлекті жасқанбай сатып алатындай жағдайға жету үшін өмірге өзгеріс енгізуді бастау керек», - дейді Наиль Байкүшіков.

Тележүргізуші әрі бірнеше брендті бутиктердің иесі Динара Сәтжан мереке кезінде отандық киімдерге баса мән беру керектігін айтады.

«Бұрын бәрі де итальяндық, польшалық, түрік киімдеріне аса ынтық болатын. Кеңес кезінен-ақ импорттық киімдерді кидің бе - өзгелерден керемет болғаның деген таным-түсінік қалыптасқан. Бірақ, қазір уақыт басқа. Біз басқа біреулерден көшіре бермей, өзіміз нарыққа жаңа трендтерді жасап шығаруымыз керек. 26 жылдың ішінде зауыт немесе қалаларды салып қана қоймай, киім тігуді және сәнді киінуді үйренгеніміз қуантады. Меніңше, енді бірнеше жылдан кейін біз шетелден киім тасымай, бәрін де өзіміз тігіп аламыз деген сенімім зор», - дейді Динара Сәтжан.

Астана қаласындағы шаштараз-стилист Айзада Таласпекова мереке кезіндегі үздік үлгі үшін қазірден бастап шаштың бабын ретке келтіруі керектігін ескертеді.

«Бүгінгі таңда барлық жағдайда табиғилық жоғары бағаланады. Сондықтан, жаңа жылдық кешке шығар алдында барынша табиғи көрінетін жағажайлық шаш үлгісін жасауға кеңес беремін», - дейді Айзада Таласпекова.

Мерекелік макияждың да маңызы баршылық. Астаналық визажист-стилист Ажар Төреханның айтуына қарағанда, жаңа жыл кешінде өзгеден ажарлы көріну үшін жарқын бояулардан бас тартудың қажеті жоқ. Ең бастысы, тұрпайы көрінбеу үшін басымдықты дұрыс қоя білген жөн. Сонымен бірге, Ажар қазақстандық шоу-бизнесте жүрген жұлдыздарға тұрақты түрде халықаралық дәрежедегі визажистерден кеңес алып тұру пайдалы екеніне сенімді.

«Қазіргі таңда кешкі қара мейкап дайындау кезінде бет терісінің жарқырап тұруына назар аударған дұрыс. Бұрын күңгірт түсті памадалар трендте болғанымен, олар қазір екінші кезекке қалып барады. Қазір металл түстес памадалар модаға енген», - дейді Ажар Төрехан.

Соңғы жаңалықтар