Қазақстандық студенттер Аспанасты елінде Наурыз мейрамын тойлады

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жексенбі күні, наурыздың 28-інде Бейжіңде қазақстандық студенттер Наурыз мейрамын тойлады,
None
None

деп хабарлады «Жас қыран» жастар ұйымының баспасөз қызметінен.

Аспанасты елінде оқитын қазақстандық студенттер Наурыз мейрамын осымен бесінші жыл қатарынан атап өтуде. Биыл мерекелік шара «UIBE» халықаралық экономика және бизнес университетінің аумағында өтті. Ашық аспан астындағы сахнада дарынды жастар өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, іс-шара аясында қазақтың қолөнер туыдылары мен кәдесыйларының, Қазақстан туралы фотосуреттер мен кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Студенттердің орындауында «Беташар» рәсімі орындалды. Қонақтардың арасында «Арқан тарту», «Қол күрес» ойындарынан, бауырсақ жеуден жарыстар өтті. Бейжіңдегі қазақстандық жастардың «Жас қыран» ұйымы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырған бұл мерекелік шараның соңында дастарқан жайылды.

Соңғы жаңалықтар