Қазақстандық студенттер Дубайда ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Біріккен Араб Әмірлігінде білім алып жатқан қазақстандық студенттер басқа мемлекеттен келген достарымен бірге мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
None
None

Шара Әмірлікте ең көп қазақстандық студенттер оқып жатқан (150-ге жуық) Дубайдағы Воллонгонг университетінде өтті. Бұл жерде студенттер арнайы стенд әзірледі, онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы ағылшын және араб тілдерінде жарық көрген кітаптар қойылды.

Алғашқы құттықтау сөз Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф пен Воллонгонг университетінің ректоры профессор Мохаммед Салемге берілді.

Қазақ ұлттық өнер университетінен (Астана қаласы) арнайы шақырылған фольклорлық ансамбль қазақстандық және шетелдік студенттердің көңілдерінен шықты. Қазақстандықтар бірнеше ұлттық музыкалық қойылымдарды тамашалады.

«ҚазАқпараттың» Таяу Шығыстағы арнайы тілшісі Арнұр Рахымбеков қазақстандық студенттермен дидарласып қайтты.

«Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қордың арқасында еліміз бүгінде әлемдік экономикалық дағдарысты еңсере алады. Мен Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын қолдаймын, бұнда біздерге - жастарға көп мүмкіндіктер жасалып отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері елде оқып жатқан жастар үшін де , шетелде біліп алып жатқандар үшін де еліміздің экономикасын жақсарту үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет екендігін білдіретін үндеу болып табылады», -дейді Әбу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің 2-курс студенті Ажар Ержанова.

Соңғы жаңалықтар