Қазақстандық «жаңа Христофор Колумб» біздің елдеріміз үшін жаңа көкжиектер ашады - Куба Сауда палатасының директоры Ц.Родригес

  АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Дмитрий Петрухин бастаған қазақстандық дүниежүзілік экспедиция «Бостандық» аралының жағалауына жетті.
None
None


Саяхатшылар Бірінші кездесуді Куба аралының астанасында өткізді. Кубаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Кубаның Сыртқы экономикалық сауда министрлігінде кездесу ұйымдастырылып, онда Қазақстан делегациясы министрліктің ресми өкілдерімен кездесті.

Экспедицияның негізгі міндеті - қазақстандық ЕХРО 2017 өтімінін әйгілеу, Астана қаласы 2017 жылы Халықаралық көрме өткізу құқығына үміткер болып отырғандығы мәлім. Куба 2012 жылғы қарашада көрме өткізілетін елді таңдайтын Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдердің бірі болып табылады.

- Дмитрий Петрухин бізге Қазақстанның ЕХРО 2017 көрмесін өткізудегі жоспарлары туралы әңгімеледі. Сіздің Республиканың Үкіметі ұсынып отырған көрменің «Болашақ энергиясы»  тақырыбы біз үшін өте маңызды, - деп атап өтті кездесу кезінде Куба Сыртқы экономикалық сауда министрлігінің офицері Марио Агилера. - Біз сонымен бірге энергияның экологиялық таза, өздігінен қалпына келіп отыратын жаңа түрлеріне көшетін уақыт туды деп есептейміз және де Қазақстанның бізді  дауыс беруге шақырып, осындай делегация жібере алуы көңілімізге жағады. Біз ризашылығымызды білдіре отырып және халықтарымыздың арасындағы достықтың құрметіне міндетті түрде Қазақстанды қолдаймыз.

Өз кезегінде Дмитрий Петрухин Марио Агилераның иығына шапан жауып, қазақтың ұлттық сувенирлерін сыйға тартты. Кездесу қорытындысында министрліктің өкілдері ЕХРО-2017 жалауына ғана емес, сол сияқты арнайы дайындалған кітапқа да өз қолдарын қойды, бұл кітапқа барлық елдердің өкілдері өз қолтаңбаларын қалдыратын болады.

Уақыт оздырмай, саяхатшылар Кубаның Сыртқы істер министрлігінде де тағы бір кездесу өткізді. Еуразиямен байланыс бойынша суб-директор Сантьяго Перезо екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы Қазақстан делегациясының миссиясын жоғары бағалады, сонымен қатар біздің республикаларымыз арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамытуды нығайту бойынша өз ойларын ұсынды, сол сияқты Сантьяго Перезо Дмитрий Петрухиннің Кубаға сапары алғашқы Қазақстан-Куба жобаларын іске қосудағы басты «тетікке» айналатындығын атап өтті.

Қазақстан делегациясының басшысы Д.Петрухин алғыс білдіріп, өзіне артылған сенімдерді ақтауға бар күшін салатындығына уәде етті.

Министрліктің дипломаттарымен өткен кездесулерден кейін Дмитрий Петрухин Кубаның сауда палатасындағы алдын-ала кездесуде болды. Саяхатшылардың орасан зор миссиялары туралы естіген соң, Кубаның Сыртқы істер министрлігі Кубаның сауда палатасымен бірлесіп, Қазақстан делегациясы Куба бизнесмендерімен, сол сияқты өкімет өкілдерімен тікелей кездесе алатын қабылдау жасауды шешті. Куба алтернативтік: күн және жел энергиясын дамытуды көптен бері бастаған, бүгінде елдің алыстағы елді мекендеріндегі бірнеше мектеп, тіпті тұтас бір арал үшін энергия экологиялық таза тәсілмен алынады.

Куба Сауда палатасының директоры Целия Лабора Родригес  "Дмитрий Петрухин Географиялық Қоғам басшысы ретінде тек толық географияны ғана біліп қоймайды, оның біздің еліміз жөніндегі экономикалық, аймақтық және саяси білімдері баурайды. Мен мұндай адамдар елдердің арасындағы достықты нығайтуда, сол сияқты саяси, экономикалық және сауда қатынастарын дамытуда орасан зор миссия атқарады деп санаймын. Біз алдағы кездесу оң нәтижелер беріп, қарым-қатынастарды алға жылжытатынына сенеміз, деп атап өтті.

Целия Лабора Родригес, сондай-ақ: «Дмитрий Петрухин үлкен миссия арқалап отыр және біздің елдеріміз үшін «жаңа көкжиектер» ашты, ендігі жерде оны Қазақстаннан келген «жаңа Христофор Колумб» деп батыл атауымызға болады», - деп атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар