Қазақстандық жеңіл атлет Вячеслав Муравьев 200 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу сынынан өте алмады - 50-орын

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Вячеслав Муравьев 200 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу сынынан өте алмай,
None
None

Лондондағы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықпады.

Спортшымыз мәреге өз тобында 7-ші келіп, 21,75 секунд уақытты көрсетті. Нәтижесінде - «1» тобындағы соңғының алдындағы орын. Ал жалпы есепте В.Муравьев тек 50-ші орыннан көрінді, деп хабарланады  Олимпиада ойындарының ресми сайтында.

Бұл жарыста қазақстандық спортшымен бірге Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы Усэйн Болт та жүгірген еді. Ямайкалық әлем рекордшысы өз тобындағы үздік нәтиже - 20,39  секунд уақытты көрсетті, бірақ турнирлік кестеде емес. Жалпы есепте бірінші орынды франциялық Лемаитре (20,34 сек.) және тағы бір ямайкалық жүгіруші - Йохан Блэйк (20,38 сек.) ұстауда.

Ямайкалық спортшы Лондон Олимпиадасында ерекшелене алып, өз құрамасының қоржынына «алтын» әкелді. 100 метрге жүгіруде ол бәрінен үздік болды. У.Болт қашықтықты 9,63 секундта жүгірді, бұл жаңа олимпиадалық рекорд болып табылады.

У.Болттың Олимпиадада жеңген алтын медалі өзінің спорттық мансабындағы төртіншісі. Алғашқы үшеуін 2008 жылы Бейжіңде иеленген.

200 метрге финалдық жүгірулер 8 тамызда өтеді. Оған қазақстандық спортшы қатыспайды.

Соңғы жаңалықтар