Қазақстандық жетісайысшы Ирина Карпова «ұзындыққа секіру» бойынша 10-орында

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Ирина Карпова жетісайыстың квалификациялық турнирінде, ұзындыққа секіру тәсілінде жалпы есепте 10-орынға орналасты.
None
None

Бұл туралы Ойындардың ресми сайтында хабарланды.

Отандық жеңіл атлетші 1,68 метр биіктікті бағындырып, еншісіне 830 балл алды. Бұған дейін И.Карпова 100 метрге кедергілермен жүгірген болатын. Екі сайыстан кейін ол 1779 ұпай жинап, жалпы есепте 36-орынға орналасты. Бірінші орынды 2249 балл жинаған британдық Джессика Эннис иеленіп тұр.

Ирина айтарлықтай тәжірибелі спортшы. Ол Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы. И.Карпова сондай-ақ жетісайыстың өзге де сайыстарына қатысады - ядро лақтыру, 200 метрге жүгіру.

 

 

Соңғы жаңалықтар