Қазақстандық журналистер алғашқы халықаралық әскери ойындардан хабар таратады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде 1-15 тамыз аралығында өтетін тарихтағы алғашқы халықаралық әскер ойындарында 1,5 мың журналист хабар таратады. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ТАСС.
None
None

«Ресей әскери ведомствосы 200-ден астам БАҚ-тың 1,5 мың журналисін аккредиттеді. Әлемнің 26 елінен шетелдік БАҚ-тардан 400-ден астам өтінім болған. Оның ішінде Қытай, Қазақстан, Вьетнам, Беларусь, Франция, Жапония, Германия, Әзербайжан, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдердің өкілдері бар», - деп қосты баспасөз қызметінен. Ойын аясында 14 байқау өтеді, олар - «Танк биатлоны», «Авиадартс», «Каспий кубогы», «Суворов шабуылы» және т.б. Ойынға 17 елден 57 команда қатысады. Әрі Ресей қорғаныс министрлігі алты мемлекеттен 20 бақылаушылар тобын күтіп отыр.

Соңғы жаңалықтар