Қазақстандық журналистер неміс БАҚ-тарында халықаралық бағдарлама бойынша тағлымдамадан өтеді
Бұл туралы «Медиа-орталық» қоғамдық қоры (ҚҚ) хабарлайды.
Бұл үшін олар неміс тарабынан ұйымдастырылған сынақтан өтуі тиіс. Талаптар арасында - неміс тілін жетік білу және БАҚ-тағы жұмыс тәжірибесі болуы шарттары бар.
ТМД елдерінен 23-35 жастағы бес журналист қана осы сынақтан өте алады және екі ай бойына олар Германияның ірі баспасөз басылымдарында тәлім алушы болып жұмыс істейді. Журналистер ГФР-дің өмір салтымен, мәдениетімен және журналистік үлгілерімен танысып, Германия менТМД елдері арасындағы саяси және экономикалық байланыстар туралы қанығады.
Сондай-ақ, бір-ақ рет төленетін 3500 еуро көлеміндегі шәкіртақы да қарастырылған. «Бұл сома қайтарылмайды және Германияда жол жүруге, жүріп-тұруға және тамаққа шығындарды жаппақ. Мұнан басқа шығындардың бір бөлігін шәкірттер өздері көтереді», делінген таратылған хабарламада.
Жобаны «Халықаралық журналистік бағдарламалар» ұжымы ұйымдастырған және ұзақ жылдар бойы Die Zeit апталығының шығарушысы болған графиня Марион Дёнхоффтың (1909 - 2002) құрметіне арналған.
Ұсыныстар - сәуірдің 15-іне дейін дейін қабылданады. Қажетті құжаттар ebel@ijp.org электрондық поштасына жөнелтіледі.