11:37, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстандық журналистер ТҮРКСОЙ сыйлығын иеленді
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Анкара қаласында Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) құрылғанына 20 жыл толуына орай алқалы жиын өтті.

Осы ұйымға мүше елдердің өкілдері бас қосып, алдағы жоспарларын ортаға салды. ТҮРКСОЙ түркі тілдес елдердің бірлігі мен мәдениетін дамытуға мол үлес қосып келе жатқан құрылым екені баршаға мәлім.
Осы жиында түркітілдес мемлекеттердің баспасөз өкілдеріне ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының журналистика саласындағы сыйлығы алғаш рет берілді. Олардың арасында қазақстандықтар да бар.
Бұл сыйлыққа «Айқын» газетінің мәдениет бөлімінің редакторы Қаншайым Байдәулет пен «Қазақстан» телеарнасының Түркиядағы меншікті тілшісі Бақытжан Омаров ие болды. Олар түркі мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттағаны үшін марапатталды.