Қазақстандықтар селден зардап шеккендерге 50 миллион теңгеден астам қаржы жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жаңа Алатау» қорының арнайы шотына 50 миллион теңгеден астам қаржы жиналды, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.
None
None

Зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмек көрсету шарасы, сел өткеннен кейін бірден қолға алынған еді. Қоғамдық бастама негізінде «Су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету» атты шара іске аса бастады. Қор өкілдерінің айтуынша, түскен қаражатты жұмсау мәселесімен мемлекеттік құрылымдар мен бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылған арнайы комиссия айналысатын болады.

«Азаматтар, ұйымдардың өкілдері қоңырау шалып, бізге көмектерін ұсынып жатыр. Мәселен, бүгін залалсыздандыру орталығынан өзен арнасын қауіпсіздендіру үшін қаржылай көмек көрсету туралы ұсыныс келіп түсті. Сондай-ақ бүгін Наурызбай ауданының әкімдігінен әскерилерді тамақтандыруға қаржылай көмек көрсету туралы өтініш келді. Қазір сел жүрген жерде 836 әскери жұмыс істеуде, оларды тамақтандыру мәселесін шеші үшін қаржылай көмек қажет. Оны комиссия қарастырып, қандай шешім қабылдаса, біз соған орай қаражат бөлеміз», - дейді «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының директоры Айдар Балабеков.

Соңғы жаңалықтар