Қазақстандықтар VISA және MasterCard төлем карталарын тиімді пайдаланудан хабарсыздықтарынан шығындарға ұшырауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар төлемдерді жүргізу кезінде Visa және MacterCard карталары арасында теріс таңдау нәтижесінде қосымша шығындарға ұшырауда, деп хабарлайды Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорынан.
None
None

Қаржылық қызметтерді дамытудың ұлттық қоры жүргізген зерттеулер нәтижелері қаржылық қызметтердің қазақстандық тұтынушыларының тек 0,5%-ы ғана VISA және MasterCard банкілік карталарын пайдаланудағы айырмашылық туралы ақпаратқа ие екенін көрсетті, бұл шетелде төлемдерді жүргізу кезінде қосымша шығындарға әкеледі. VISA International Service Association және MasterCard Worldwide дүние жүзі елдерінің көпшілігінде қолданылатын халықаралық төлем жүйелері болып табылады. Тұтынушы үшін тәжірибелік қызығушылық болып табылатын негізгі ерекшеліктердің бірі төлем жүйесін төлем жүргізу кезінде нақты шетел валютасына байлаудағы айырмашылық болып табылады. VISA жүйесі америкалық төлем жүйесі болып табылады, және АҚШ долларына байланған, ал MasterCard - еуропалық және көбіне еуроға тәуелді. Осыған байланысты, айырбастау валютасы АҚШ доллары болып табылатын елдерде (АҚШ, Австралия, Канада, Тайланд және т.б.) VISA карталарын қолданған тиімді, өйткені бұл жағдайда «теңге-долларға» тура айырбастау жүреді. Ал валютасы еуро болып табылатын Еуропа елдерінде үнемдеу үшін MasterCard жүйесінің карталарын қолданған қолайлы. Олай болмаған жағдайда, мысалға еуропалық елдерде VISA жүйесінің карталарымен төлеу кезінде «теңге-еуроның» орнына «теңге-доллар-еуро» айырбастау орын алады, бұл қос айырбастау себебінен қосымша шығындарға әкеледі. Ал MasterCard жүйелерінің карталары мысалы АҚШ аумағында қолданылса, «теңге-доллар» айтарлықтай арзан тәсілінің орнына «теңге-еуро-доллар» жүйесі бойынша айырбастау орын алады. Айырбастау төлем жүйесінің бағамдары бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ картаны шығарған банк комиссиялары алынуы мүмкін. Айырбастау үшін комиссиялар мөлшері ел мен банке қатысты әр түрлі болып табылады, сондай-ақ өзгермелі болуы мүмкін, осыған байланысты пайдаланушыға оның мөлшері алдын ала есептелуі тиіс. Қаржылық қызметтерді дамытудың ұлттық қоры қазақстандықтарға тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін АҚШ пен долларға байлауы бар басқа елдерде VISA жүйесінің карталарын, ал Еуропа елдерінде MasterCard жүйесінің карталарын пайдалануды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар