Қазақстанға ЕҚЫҰ-дан 45 әскери бақылаушы келді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, бақылаушылар қазанның 26-сы мен 30-ы аралығында еліміздегі әуе базалары мен десанттық-шабуылдаушы бригадаларды аралап көреді. Бұл көрсетілім 1999 жылғы өзара сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту шаралары жөніндегі Веналық құжатта көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында жүзеге асырылады. Бұл құжат 5 жылда бір рет ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттерге өздерінің әскери нысандарын көрсетуге міндеттейді. Басты мақсат - жоғарыдағы құжатта келісілген өзара сенім мен қауіпсіздіктің тұрақты екендігін дәлелдеу.
Брифинг барысында Қазақстанның халықаралық әріптестігі бағытындағы жұмыстарының негізгілері туралы шолу жасалынды. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Болат Сембиновтың айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді түсінік ретінде көреді. Сондықтан осы кешенге кіретін әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық бағытта жұмыс атқарады.
«Осылардың ішіндегі 1975 жылғы Хельсинки актісі негізінде әскери-саяси құрылымға бақылау жасау өзара қауіпсіздік пен сенімді арттыруға бағыт жасайтынын көрсетті. Біздің елде өткізілетін бақылау шарасы біздің елдің 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында өте өзекті», деді Б.Сембинов.
Оның сөзіне қарағанда, бақылаушылар Талдықорған гарнизонына барады. Оларға бұл жерде әскери ұшақтар мен техника көрсетіліп, жеке құрам мен басшылықпен кездесу ұйымдастырылады.