Қазақстанға өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бойынша тәжірибе алмасу үшін Йемен делегациясы келді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дүниежүзілік банктің Алматыдағы кеңсесінде өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бойынша семинар өткізіліп жатыр.
None
None

Қыркүйектің 29-ы басталған бұл шара қазанның 1-іне дейін созылады. Оған Йемен елінен де арнайы делегация келді. Оған Парламент пен үкіметтік емес ұйымдар коалициясынан және Өндіруші салалардың ашықтық бастамасы (ӨСАБ) хатшылығының өкілдері еніп отыр. Бұл шара екі елдің арасында өзара тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған. Үш күндік семинар жұмысы кезінде олар ӨСАБ тарихы мен оның Қазақстанға енгізілуі, "Мұнай кірістері-қоғам бақылауында" үкіметтік емес ұйымдар коалициясының құрылуы мен қызметі және ӨСАБ дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлі туралы пікір алмаспақ.

Соңғы жаңалықтар