12:58, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстанға ресми сапармен Беларусь Парламентінің төрағасы А. Рубинов келеді
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 23-25 сәуір аралығында Астанаға Беларусь Ұлттық Жиналысы Республикалық Кеңесінің төрағасы Анатолий Рубинов ресми сапармен келеді.
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, Беларусь Парламентінің төрағасын ең алдымен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды. Осыдан кейін А. Рубинов Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен және Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллинмен кездесіп, келіссөздер өткізеді.