13:38, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазақстанға Тәжікстанның сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи ресми сапармен келеді
АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Астанаға Тәжікстанның сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, сапар аясында Қазақстан мен Тәжікстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің бірінші отырысын өткізу жоспарланған. «Алдағы басқосу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың көкейтесті мәселелері талқыланады», деп атап өтті А.Әбдірахманов.
Сондай-ақ тамыздың 25-іне дейін жалғасатын Х.Зарифидің ресми сапары барысында екі елдің Үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.