Қазақстанға тұңғыш рет Канаданың Саскачеван провинциясының өкілдері келді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Делегация құрамында Саскачеван сауда-экспорт серіктестігінің президенті Лайонель Ла Белль, жетекшісі Марлин Стангланд, Азия-Африка аймақтардағы сауданы дамыту жөніндегі аға директоры Тим Маршалл, Саскачеван университетінің өкіметтік байланыстар директоры Пегги Шмайсер, Саскачеван университетінің вице-президенті Карен Чад, Қазақстандағы Канада елшілігінің сауда аға өкілі Дейвид Маллетт бар.
«Біз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз. Қазақ ұлттық университетіндегі кездесуіміздің негізгі мақсаты - Қазақстан елі мен Саскачеван провинциясының екіжақты қарым-қатынастарын қалыптастырып, нығайту. Екі ел студенттері мен профессорлық ұжымдарының тәжірибелерін алмасып, қос оқу орнының ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу, сонымен қатар біздің елде докторлар дайындау бағдарламасы бойынша жазғы оқу мектептерін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарымыз бар», деді Канаданың Саскачеван провинциясының кәсіпкерлік, энергетика, сауда және инвестиция министрі Кен Шевельдэйофф.
Канада елінен келген делегация ҚазҰУ ұжымымен кездесіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты, жақында ғана ашылған жаңа ғимараттарды, мұражайды көріп, университеттің тарихынан хабардар болды.
Саскачеван (Saskatchewan) - конфедерация құрамындағы 9-шы, Канаданың орталық бөлігінің оңтүстігінде орналасқан провинция.