19:22, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Қазақстанмен екіжақты қатынастарды дамытуда энергетикалық сектор маңызды рөл атқарады - Украина Президенті
ИЕВ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстанмен екіжақты қатынастарды дамытуда энергетикалық сектор маңызды рөл атқарады. Бұл туралы Украина Президенті Виктор Янукович Киевте ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесу барысында айтты.
Украина осы саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен мүдделілік танытып отыр, деп атап өтті В.Янукович.
Оның айтуынша, Қазақстанмен әртүрлі салада ынтымақтасудың әлеуеті зор. Сонымен қатар В.Янукович өкінішке орай бұл мүмкіндік толық пайдаланылып отырған жоқ, 2009 жылы тауар айналымы төмендеп кетті, деп атап өтті.
Сауданы кеңейту және басқа да тақырыптар таяу уақыттарда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық отырыста қаралатын болады.
Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 3,420 млрд. АҚШ долларын (экспорт - 1,289 млрд.доллар, импорт - 2,131 млрд.доллар) құрап отыр. Қазақстан Украинаның әлемдік сауда әріптестерінің арасында үшінші орында.