Қазақстаннан Тәжікстанға бидай жіберу қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 1-і мен 9-ы аралығында Қазақстаннан Тәжікстанға бидай тиелген 238 вагон, немесе 53,5 мың тонна бидай жіберілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Өзбекстанда Тәжікстанға бағытталған вагондардың, оның ішінде жартылай вагондар мен бидай тасығыштардың көптеп жиналып қалуы салдарынан, астықты тиеумен және жіберумен айналыстатын Қазақстан Республикасының темір жол көлігі желілік бөлімшелеріне астық тасымалдауды өзге теміржол әкімшіліктерге тиесілі вагондарда тасымалдау туралы ұсыныс жасалды.

Қазақстан темір жолы Тәжікстанға Қазақстаннан астық жеткізуге қатысты тыйым шараларына бастамашы болған жоқ және оны жүзеге асырған жоқ. Қазақстаннан Тәжікстанға бидай жіберу қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар